СӘТБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ
ТҰРАҚТЫ ДАМУ МАҚСАТТАРЫНА
ҚОСҚАН ҮЛЕСІ
Сәтбаев университеті білім беру, ғылыми зерттеулер, қоғаммен өзара байланыс, әлеуметтік жауапкершілік және өндірістік қызметін кеңейту бағытында жұмыс істей отырып, БҰҰ-ның тұрақты даму саласындағы Күн тәртібіне қолдау көрсетеді. Университеттегі теория мен практиканың үйлесімі креативтілікті, жүйелік және пәнаралық ойлауды дамытып, студенттер мен оқытушылардың құзыреттерін нығайтады және университеттің тұрақты дамуға қосатын үлесін арттырады.
Сәтбаев Университеті Тұрақты даму орталығының кеңсесі туралы толығырақ
Біздің миссиямыз
Ғылым мен білім – адам игілігі үшін
Университет денсаулық пен әл-ауқатты нығайтуға (SDG 3), сапалы білім алу мүмкіндіктерін ұсынуға (SDG 4), студенттердің бойында зерттеу дағдыларын, технологиялық сауаттылықты және инновациялық ойларын қалыптастыруға (SDG 9), гендерлік теңдікті ілгерілетуге және теңсіздікті қысқартуға (SDG 5), «ақылды кампус» құруға және оны қолдауға, су ресурстарын жауапты түрде тұтынуға (SDG 12) және оны басқаруға (SDG 6) ерекше назар аударады. Сонымен қатар персоналды қолдау мен инновацияларды дамытуға бағытталған бастамалар арқылы елдің экономикалық өсуіне (SDG 8) үлес қосады.
Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі жобалық кеңсе — университеттің экологиялық және әлеуметтік жауапты болашағының драйвері
Сәтбаев университетінің ТДМ жөніндегі жобалық кеңсесі тұрақты дамуды білім беру, ғылыми зерттеулер мен тұтас кампусты басқару арқылы ілгерілетіп отыр. Біз университет қауымдастығы мен серіктестерді біріктіре отырып, БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) сай келетін жобаларды жүзеге асырамыз.
Университеттің барлық қызмет бағыттарына: оқыту, ғылыми жобалар, кампус инфрақұрылымы мен оны басқару ісіне тұрақты даму қағидаттарын енгіземіз.
Экологиялық, әлеуметтік және экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған стратегиялар, саясаттар мен жобаларды әзірлейміз және оларды үйлестіреміз.
БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына қолдау көрсететін бастамаларды жүзеге асыру үшін студенттерді, оқытушыларды, зерттеушілер мен серіктестерді біріктіреміз.
Сәтбаев университетінің халықаралық ынтымақтастық қарым-қатынасына және SDG-жобалары үшін грант тартуға ықпал етеміз.
Рейтингтердегі біздің жетістіктеріміз
Білім берудегі Тұрақты даму мақсаттары
Серіктестер мен қауымдастық
Серіктестердің картасы





Байланыс
ТДМ және эксклюзивті білім беруді қолдау және сүйемелдеу жөніндегі жобалық кеңсенің басшысы
Гулзия Буршукова
Рейтингтік және ғылымометриялық деректерді талдау орталығының бастығы
Эмиль Андекин