Кайдзен орталығы Қазақстан
Satbayev University инновациялық компаниялармен ынтымақтасып, Қазақстанда жапон алыптарының 80 жылдық тәжірибесін және ресурстарға ұтымды, үнемді қатынасты бизнес экономикасының пайдасы үшін тарата отырып жұмыс жасайды. Университет халықаралық деңгейде бәсекеге қабілеттілікті арттыру мақсатында үздіксіз жетілдіру мәдениетін жүйелі түрде енгізеді.
Осы мақсатта университетте 2017 жылдан бері Қазақстанда жұмыс жасайтын бизнесті тиімді дамыту және өндірістік жүйелерді дамыту орталығы — «Кайдзен Орталық Қазақстан» жұмыс істейді. Орталық компания басшылары мен мамандарын өнімділікті арттыру, процестерді оңтайландыру және үздіксіз жетілдіру мәдениетін дамыту әдістеріне оқытумен айналысады.

Орталықтың негізгі қызметі жетекші халықаралық корпорацияларда онжылдықтар бойы қолданылып келе жатқан тәсілдерді енгізу арқылы компанияларды практикалық трансформациялауға бағытталған. «Кайдзен» компаниясының негізгі құндылықтарының бірі — өз мамандары мен клиенттерін үздіксіз жетілдіру және дамыту, сондай-ақ бизнес-процестерді үнемі жақсарту және жоғары нәтижелерге қол жеткізу принципі.
Кайдзен Орталығы әртүрлі салалардың компанияларымен ынтымақтасады: өндіріс, құрылыс, сауда. Бизнеспен жұмыс қызметкерлерді оқытуды, тиімділікті арттырудың практикалық бағдарламаларын жүргізуді және компаниялардың ішкі құзыреттерін дамытуды қамтиды.
Кайдзен Орталығы компанияларға:
- штатты ұлғайтпай өнімділікті арттыруға;
- процестердегі жасырын шығындарды анықтауға;
- жұмысты орындау мерзімдерін қысқартуға;
- басқарушылық шешімдердің тиімділігін арттыруға;
- жетілдірулер бойынша жүйелі жұмысты құруға;
- басшылар мен қызметкерлердің құзыреттерін дамытуға көмектеседі.
Оқыту практикалық тәсілге негізделген — қатысушылар нақты бизнес-жағдайлармен жұмыс жасайды, компания процестерін модельдейді және оқытудан кейін бірден қолдануға болатын құралдарды алады.
Орталық білім беру бастамалары, оқу орындарымен серіктестік және болашақ менеджерлер мен өндіріс мамандарын даярлауға қатысу арқылы Қазақстан мамандарының кәсіби құзыреттерін дамытуға белсене атсалысады.
Университеттің орталықпен ынтымақтастығы болашақ инженерлер мен өндірісшілерге бірінші күннен бастап бизнес тиімділігін арттырудың заманауи тәсілдерімен танысуға және нақты компаниялардың қалай жұмыс жасайтынын практикалық тұрғыдан түсінуге мүмкіндік береді.

«Кайдзен Орталық Қазақстан» қызметі Сәтбаев Университетінің БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарына (UN 2030 Agenda for Sustainable Development) қосқан үлесі аясында жүзеге асырылады: SDG 4, SDG 8, SDG 9, SDG 17