Климаттың өзгеруі
Климаттың өзгеруі – XXI ғасырдағы негізгі жаһандық сын-қатерлердің бірі, ол өмірдің барлық салаларына әсер етеді: экология мен экономикадан бастап әлеуметтік тұрақтылық пен басқарушылық шешімдерге дейін. Осындай жағдайда климаттық сауаттылықты қалыптастыру қазіргі білім беру мен кәсіби даярлаудың ажырамас бөлігіне айналады.
Бұл курс климаттық процестер мен олардың салдарын жүйелі түрде түсінуге бағытталған кіріспе пәнаралық бағдарлама болып табылады. Ол кең аудиторияға арналған және климатология немесе экология саласында арнайы дайындықты қажет етпейді.
Курс ғылыми негізділікті, практикалық бағыттылықты және заманауи білім беру форматын үйлестіреді. Оқу барысында қатысушылар климаттың өзгеруінің физикалық негіздерімен танысып, оның экологиялық, экономикалық және әлеуметтік салдарын зерттейді, сондай-ақ халықаралық климаттық реттеу және тұрақты даму тетіктерін меңгереді.
Курс модульдері:
- Климат қалай жұмыс істейді: ғылым және дәлелдер
- Тұрақты даму және климаттық саясат құралдары

Гульмира Кезембаева
Доктор Ph.D.
Химиялық процестер және өндірістік экология кафедрасы

Эмиль Андекин
Жасанды интеллект бойынша PhD
SDG Ambition бағдарламасының түлегі
Барлық мамандықтар бойынша бакалавриат және магистратура студенттері. Университеттің оқытушылары мен әкімшілік қызметкерлері. Университеттің ғылыми және жобалық бастамаларына қатысушылар.